Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
11
январь
2022

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!


Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Ел басына күн туған қиын кезеңді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еңсердік!
Бүгінгі Парламент отырысы ҚР Премьер министрі Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындау үшін дауыс беруден басталды. Бұл Парламент мәжілісі депутаттарының ішінде 89/89 дауысқа ие болды. Ә. А.Смаилов Өзінің болашақта халық үшін құлақ асатын мемлекет құру ісіне қатысатындығын, ұлт қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек ететінін анық айтты. Экономикалық өсуді 5%-ға дейін көтеруге, халықтың әл-ауқатын тұрақтандыруға атсалысатынын айтты.
Президент өз сөзінде Тәуелсіздік тарихындағы күрделі де қауіпті кезеңді бастан кешіріп жатқанымызды айтып өтті. Жылдар бойы дайындалған лаңкестік операциялардың елімізді қатігездікпен шарпып өткен құйтырқы ісінен халықтың зардап шекккені жайында айтылды. Президент ҰҚШҰ-ның қызметінің жүріп жатқанын, елдегі қауіпсіздіктің жолға қойылғанынын атап өтті. Елдегі көші-қон, ішкі көші- қон, ішкі әскери бақылау, діни –экстремистік бақылау және қаржылық олигополияны реттеу қажет деді. Елдегі олигополияда орны бар кәсіпкерлерге болашақты өзінің және өз балаларының болашағымен ғана байланыстыру бұл қате түсінік деді. Ұлттық банк басшыларының банкты жеке басының банкі деп есептейтіндері де үлкен қателік деп атап өтті. Бизнес климатты жақсарту және ондағы бюррократияны жоюды қадап айтты. Цифрлық Қазақстанды құру- бұл сәндік үшін құрылған жоқ екендігі, ешкімге қажеті жоқ есептердің толтырылуының орнына нақты шешімдері бар жұмысты атқару керек екендігі атап өтілді. Орта және кіші бизнеске күш жұмсау қажеттігі айтылды. Бұл ауылдағы қандастарымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды деп білеміз. Елде алюминий, мыстан жасалатын заттарды әлі күнге дейін сырттан аламыз деп сындарлы мысалдармен атап көрсетті. Бұл импорттың, ауыр өнеркәсіптің бізде жоқтығы екендігін баса айтты. Бұл үшін Президенттің елде дамыған мемлекеттермен бәсекелстік дәрежедегі 5 университететті ашуға тапсырма беруі және болашақта инженерлерді дайындау керек деген сөзі ел болашағының жарқын болуына деген нық көзқарасы деп ойлаймыз. Сол сияқты елдегі идеология мен мемлекетті тұтастырып, жастарды тәрбиелеудің ошағы-мектеп екенін де Президент жасырмады. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов сөзімен «мектептің жүрегі-мұғалім»-деп ел болашағының бір тұтқасын ұстаздарға жүктеуі де орынды айтылған үндеу болды. Болашақта ауыл аймақта жетпейтін мамандықтар бойынша даярлайтын мұғалімдерді оқыту-ел алдындағы басты міндет деді. Елді қорғайтын рухы мықты, ұлтына адал жауынгерлерді даярлау қажет деді. Елімізде өршіп тұрған пандемияда бірлікте, күш жұмылдыра отырып, халық мүддесіне жұмыс жасайтын қоғам құра отырып жаңа қоғамға нық аяқ басатындығын айтты. Яғни, алда түрған басты міндетіміз - ұлт болашағы үшін аянбай қызмет атқару!
"Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы