«Сұхбаттан туған әңгіме» әдеби- шығармашылық зерттеу рубрика
«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6А сынып оқушылары сынып жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұргүл Баймұханбетованың жетекшілігімен балалар жылына орай 9- мамыр Жеңіс күні мерекесіне байланысты сыныптастарымен «Сұхбаттан туған әңгіме» әдеби- шығармашылық зерттеу рубрикасын жүргізді. Бұл шараның мақсаты балалардың өзі танитын қариялардан соғыс ардагерлерінің ерліктерін, елдегі халықтың еңбегі мен көмегін, сол замандардың балаларының тыныс-тіршілігін естіп-біліп, сұхбат құра білуге үйрете отырып, елжандылық қасиеттерін жетілдіру.Шығармашылық дарыны бар оқушыларды анықтау.Аталған жұмысқа сынып оқушылары белсенді қатысты.Өздері жүргізген сұхбаттары арқылы дайындаған шағын әңгімелерін сыныпта оқып, бағалап, талқылап, пікірлерін білдірді.Оқушылар жұмыстары арасында бірауыздан Жүкей Айшуақтың « Жүрегімнің дауысын естідім» әңгімесі үздік болып танылды.Айшуақтың әңгімесі оқу жылы соңында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Полиглот» жобасы аясында жинақталып шығарылатын «Жас жауқазын» журналында жарияланатын болады.
.