07
сентябрь
2022
Адалдық сағаты
"Балалар жылы" аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі» тәрбие сағаты.
Мақсаты: Оқушыларды адалдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.