Сынып сағаты » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

Сынып сағаты

"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «А» сыныбында «Бір Отан-бір отбасы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылыр бойына Отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру; өзара достықты, бір отбасындай бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүруге, елін, жерін, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
«Сұрақ тар шеңбері» әдісі арқылы оқушылар Отан, достық, отбасы тақырыбы бойынша өз идеяларын, ойларын ортаға салып, ой бөлісті. «Менің Отаным – көп ұлтты Қазақстан» тақырыбына суреттер салып, қорғады. «Тіл өнері» кезеңінде тақырып бойынша мақал - мәтелдің жалғасын тапты, жатқа өлеңдер оқыды. Сабақты қорытуда, «Болашаққа хат» әдісі арқылы өз-арман тілектерін жазып кері байланыс берді. Оқушылар сабақта отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керектігін үйренді. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз, елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталатынын ұғына білді.
Сынып жетекші Сарсенова К.А.