15
сентябрь
2021
Тіл-білімнің кілті кілті
Бүгін #2орта мектебінде Тілдер күніне арналған "Тіл-білімнің кілті кілті" атты онкүндік аясында 8-10 сынып оқушылары арасында "Тілім менің-тірлігімнің айғағы!" атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп дамуына,ана тілімізді құрметтеуге,мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар тіл мәдениетін қолдана отырып,өлеңді нақышына келтіріп,мәнерлеп оқыды. Жауапты пән мұғалімдері: Әмірғалиева Г, Мырзагулова А.