16
сентябрь
2021
"Жас ғалым"
№ 2 орта мектепте 15 қыркүйек күні "А.Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы" атты тақырыпта 7-сыныптар арасында әдеби-танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұраларын зерделеп, талдау. Сабақ барысы "Жас ғалым", "Алтын қақпа", " Кім қырағы" кезеңдерінен тұрды. "Жас ғалым" кезеңінде оқушылар А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады. "Алтын қақпа" кезеңінде оқушылар А.Байтұрсынұлының шығармаларына талдау жасады. "Кім қырағы" кезеңінде ақынның мысал өлеңдерінің тақырыбын анықтады. Сабақ соңы А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдері бойынша сахналық қойылым қоюмен қорытындылады.
Жауапты пән мұғалімдері: Сарсенова К.А. Мухаметшарова Р.К.
Жауапты пән мұғалімдері: Сарсенова К.А. Мухаметшарова Р.К.