18
октябрь
2021
Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер
2021 жылдың 12 қазан күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен орта буын оқушыларымен "Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" тақырыптарында ашық алаң жиналысын өткізді. Аталмыш жиынға мектеп инспекторы Т.Құсайынова, ДТІЖО Г.А.Алтынбекова қатысты. Мектеп инспекторы сөз алып, жастар арасында белең алып тұрған қылмыс пен құқықбұзушылық, зиянды әдеттер зардабы, электронды темекі, шылым, насыбай, алкоголь туралы, оларға қатысты жаза түрлері және әлсіз жандарға қатысты әлімжеттік көрсету қылмысы туралы айтылды. Кешкі уақытта балалардың ата-анасыз, яғни заңды қамқоршысыз жүруге болмайтыны туралы түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелеттік жастар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Жиналыс соңыңда оқушылар сұрақтарын қойып, керек жауаптарын алды.