"Үш тілді білу-заман талабы" атты апталық өткізілді » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" отдела образования Шуского района
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 32-96-00
Бухгалтерия
+7(7282) 41-06-70
Версия для
слабовидящих
» » "Үш тілді білу-заман талабы" атты апталық өткізілді
28
февраль
2022

"Үш тілді білу-заман талабы" атты апталық өткізілді

"Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" отдела образования Шуского районанде жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша "Үш тілді білу-заман талабы" атты апталық өткізілді. Мақсаты: Оқытудың заманауи белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.Сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Апталықта 8 "А" сыныбында " Own Game " интеллектуалды ойын, 8 "В" сыныбында "Conditional statements If/Else" , 8 "Б" сыныбында "Receptors" , 8 "Г" сыныбында "Resistivity , parallel and series connection", 8 "Е" сыныбында "Mole concept. Avogadro’s number" ашық сабақтар, "Көптілділік - жеңіске апарар жол" тақырыбы бойынша эссе, шығармалар байқауы, қабырға газеттер сайысы ұйымдастырылды. ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту оқушылардың ойлау және интеллектуалдық қабілеттерінің артуына түрткі болары сөзсіз.Сабақта GLIL технологиясын, әр түрлі белсенді заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың тілін дамытуға және тілге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.Іскерлік ойындар арқылы үш тілде сөйлеп,сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға да негіз бола алады. ЖМЦ пәндеріне байланысты терминалогияны терең меңгереді.Терминологиялық сөздік қорлары молая түседі.Оқушыларды жан-жақты тұтас білім алуға жетелейді.Нәтижесінде әр оқушы өзін тұлға деп сезіне алады, ой-пікірін қалыптастыра алады.Соның нәтижесінде күнделікті өз тәжірибемізден сабақтың сапасының да артқанын байқап, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.
Апталықтың жабылуында апталықта өткен сайыстардың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қорыта айтқанда, ұстаз-жас ұрпақтың сәулеткері және қоғам,халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.Ұстаз- әрі ғалым,әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
"Үш тілді білу-заман талабы" атты апталық өткізілді