13
октябрь
2022
Мектепішілік ата-аналар жиналысы
Жетісу облысының білім басқармасының тапсырмасына сай «№2 орта мектеп» КММ-де 2022 жылдың 13 қазан күні мектептің мәжіліс залында мектеп әкімшілігінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен педагог ұйымдастырушы, психологтардың ұйымдастыруымен «Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді . Жиналыс барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі міндеті жайында, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, кибербуллинг жайында ақпарат беріліп, сонымен қатар оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға "Жедел жәрдем" келгенге дейін алғашқы медициналық ем шараларын қалай жасауды көрсетілді. Ата аналарға кеңес ретінде орыс, қазақ тілдерінде жаднамалар таратылды. Соңында ата-аналардан жиналыстың өту барысын бағалау ретінде Qr код арқылы кері байланыс алынды. Жиналысқа 1-11-сынып оқушыларының ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен ата-аналар кеңесінің мүшелері қатысты.