03
март
2023
«Өмір және техника» жоба
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша ББ" ММ "√2 орта мектеп" КММ-нің директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Р.Е.Разбаеваның басшылығымен ағымдағы жылдың 3 наурыз күні математика, информатика және физика әдістемелік бірлестіктері «Өмір және техника» жобасы аясында ұйымдастыруымен «Әлемді бағындырған ғылымдар» атты қалалық іс-шара өткізілді. Білім ордасының алтын бесігі, қайнар бұлағы ол – мектеп. Мектептің жүрегінің дүрсілі, тынысы ол – мұғалім. Мұғалімнің қазынасы – шәкірттері. Сондықтан да көреген педагог тек қана шәкірттеріне моральдық құндылықтарды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі технологиялардың көмегімен шәкірттеріне заман талабына сай білім беруі керек. математика, информатика және физика, пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін жоба арқылы көрсете білу. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.