«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" отдела образования Шуского района
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 32-96-00
Бухгалтерия
+7(7282) 41-06-70
Версия для
слабовидящих
» » «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру»
27
февраль
2019

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру»

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру»
13.02.2019ж. Талдықорған қаласы, «№2 орта мектеп» КММ-сінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты тақырыпта қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдарымен тәжірибе бөлісу, озық ұстаздардың педагогикалық іс-тәжірибесін тарату. Семинарға Талдықорған қаласы білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Қ.Д.Какимбаева, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Э.Д.Баженова, п.ғ.к. М.А.Сыдыкбекова, аға оқытушы Ж.М.Молбасынова қатысты. Ж.М.Молбасынова өз баяндамасында «метапәндік құзыреттіліктің» мәнін ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырып, түсіндірді. Мектеп директоры Л.Ж.Байсова «метапән сабақтарын» дайындау жолдары туралы түсінік берді. Мектеп мұғалімдері заманауи сабақтар арқылы метапәндік құзыреттілікті қалыптастыру тәжіриберсімен бөлісті. Семинар соңы қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, SWOT талдау арқылы рефлексия жүргізілді және Ж.М.Молбасынова мен Л.Ж.Байсованың бірлескен авторлықта жазылған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік құралын таныстырылыммен аяқталды.