16
май
2024
Жас маман апталығы
Мектепішілік жоспарға сәйкес 15-24 сәуір аралығында «Жас мамандар» апталығы өтті.
•Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 16-сәуір күні ағылышын тілі пәнінің мұғаілімі М.Ш.Шайкова 6 «Ә» сыныбында «At the shopping centre» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Learning.Apps» платформасында тақырыпқа байланысты сергіту сәті ретінде оқушыларға викториналық қызықты әрі ой түрткі сұрақтар қойылды. Оқушылар бұл сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
•18-сәуір күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.М.Нусипханова 4 «Ә» сыныбында «Planets» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «WordWall» платформасында викториналық сұрақтар, «Quizizz.com», «Learning.Apps» сияқты оқытудың интербелсенді әдістерін кеңінен қолданды. Аталған платформалардағы қызықты әрі танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар тақырып бойынша көптеген мәліметтер алды.
•18-сәуір күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Б.Салимова 7 «В» сыныбында «Clothes and fashion» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Take an umbrella», «magic balls», «think, find», «seek» атты әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданды. Әсіресе, «Take an umbrella» тапсырмасын орындау барысында оқушылар ерекше белсенділік таныта отырып, қолшатырда арнайы сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің тілдік қорларын әрі қарай шыңдай түсті. «Мagic balls» тапсырмасында оқушылар -ing грамматикасымен таныса отырып, алған білімдерін бекіту мақсатында сәйкестендіру тапсырмаларын орындады.