20
сентябрь
2024
Білім күніне арналған "Мектебім- мейірім мекені" салтанатты жиын
Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады. «№2 орта мектеп» КММ -де 2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен, 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара форматында өткізілді.Аталған іс-шараға мектеп директоры А.Кенжегулова, Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі КобегеновТ.М., мектеп менторы Е.Талғатқызы, мектеп директоры қатысып 1 -11 сынып оқушыларына өздерінің жылы лебіздерін білдірді.