31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
02
июнь
2021

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
 __________________

31 мамыр күні сағат 10.00де Қабанбай батыр мен Абай көшесінің қиылысында орналасқан ескерткіш тастың жанында 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиыны өтті. Жиын карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді.
31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиынына №2 орта мектебінің директоры Л.Ж.Байсова мен тарих пәні мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінен, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері мен қалалық ардагерлер үйінен қарияларымыз келді.
Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы азаматтарымызға гүл шоқтары қойылды.
Атылса да, қамалса да, күдікпен емес, келешекке үмітпен қараған, халыққа деген адалдықтың рухы биік, адамдық үлгісін көрсеткен тұлғалар. Олар – қуғын-сүргін құрбандары! Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар адамдықтың биігі, адалдықтың тұғыры, халқымыздың мақтанышы ретінде мәңгілікке есте, сақталады.
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні