«Ата-ананың мектептегі бір күні» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-ананың мектептегі бір күні» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
20
сентябрь
2024

«Ата-ананың мектептегі бір күні» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

2024 жылдың 5 қыркүйек күні мектепішілік 1-11 сынып ата-аналарының «Ата-ананың мектептегі бір күні» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталған жиналысқа комитетінен 97 ата- ана қатысты.
Жиналыстың мақсаты: мектеп, ата - ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу, ата-ананың сынып, мектеп өміріне белсене қатысуына шақыру.
Жиналыс барысында: педагог -психолог А.Мурзахметова «Қазіргі таңдағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» психологиялық ахуалды орнату туралы ақпарат берсе, Талдықорған ҚIIБ Ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы , полиция майоры Д. Алтайұлы «Балалардың өмір қауіпсіздігі туралы, оқушылардың мектепке суық қару әкелмеуі, т.б.) туралы ата-аналармен ақпараттыұ түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Букейбаева өз сөзінде қазіргі таңдағы тәрбие жұмысының ең өзекті мәселелері бойынша: өзгертілген алты құндылық туралы, сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережелерін , мектеп формасын қаматамсыз ету қағидалары жайында айтып өтті. Жиналыс барысында ата-аналар өздерінің ұсыныстарын білдіріп, бірлесе жұмыс жүргізетіндерін айтып өтті. Жауапты: ДТІЖО Т.Букейбаева, сынып жетекшілері.