11- сыныптың түлектері » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июнь
2021

11- сыныптың түлектері

2021 жылы 14.06 күні "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11- сыныптың түлектеріне аттестатты тапсыруға арналған салтанатты жиын өткізілді.
Іс –шараның мақсаты: білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
Салтанатты жиынға 63 мектеп бітірушілері, мектеп ұжымы, ата-аналар қатысты.Мектеп бітірушілерінің 11 жыл бойғы жеткен жетістіктеріне алғыс айтылды.
Мектеп директоры Байсова Л.Ж түлектерді құттықтады Болашақта тапсыратын ҰБТ-ден жоғары нәтиже көрсетуіне тілегін білдірді. Жиынның қонағы Алматы облысы, білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің орталықтандырылыған бухгалтериясының маманы Қожахметова Гүлназ Ақжоловна түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді. Ата –ана комитеті тарапынан Сүйінгалиева Ф. мектеп ұжымын, оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Барша 63 мектеп түлектеріне алдағы барлық сын сәттерден сүрінбей өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына тілектеспіз.



11- сыныптың түлектері