« Мұқағали-мәңгілік мұра» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2021

« Мұқағали-мәңгілік мұра»

Қыркүйек айының 10 күні қаламыздағы №2 орта мектепте Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай « Мұқағали-мәңгілік мұра» ғылыми-жобалық және интеллектуалды репортаж сағаты ұйымдастырылды.Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймұханбетова Нұргүл Бидахметқызы.
Мақсаты:
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтау. Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастарды ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңіруіне, ел болашағын қалыптастыруға жетелеу. Мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосып, қоғамға сапалы, терең білім алуды басты міндетіне айналдыруына жол көрсету.
Аталған сағатқа мектебіміздің 6 қазақ сыныптарының белсенді оқушылары қатысты..6В сынып оқушысы Балқашбай Қымбат ел жастарының кешегісі мен бүгінгі тұлғалық қалыптасуын қамтыған ғылыми жобасын ұсынды.Білімпаз оқушыларымыз « Мұқағали мұрасы» интеллектуалдық сайыста өз білімдерін сынап,Мұқағали Мақатаев еңбектері мен мол қызықты құндылықтары туралы бөлісті.Танымдық сағатқа қонақ ретінде "Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалының есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Бейсекенова Айгерім Мейіржанқызы шақырылып, ЗУУМ платформасы арқылы оқушылардың интервьюна қатысып,ақиық ақынымыз Мұқағали мұрасының ел болашағы - жастарға аманат екендігін айта кетті.