Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер
18
октябрь
2021

Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер

2021 жылдың 12 қазан күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен орта буын оқушыларымен "Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" тақырыптарында ашық алаң жиналысын өткізді. Аталмыш жиынға мектеп инспекторы Т.Құсайынова, ДТІЖО Г.А.Алтынбекова қатысты. Мектеп инспекторы сөз алып, жастар арасында белең алып тұрған қылмыс пен құқықбұзушылық, зиянды әдеттер зардабы, электронды темекі, шылым, насыбай, алкоголь туралы, оларға қатысты жаза түрлері және әлсіз жандарға қатысты әлімжеттік көрсету қылмысы туралы айтылды. Кешкі уақытта балалардың ата-анасыз, яғни заңды қамқоршысыз жүруге болмайтыны туралы түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелеттік жастар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Жиналыс соңыңда оқушылар сұрақтарын қойып, керек жауаптарын алды.