«Жас актер» фестивалі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2021

«Жас актер» фестивалі

27-28 қараша күндері Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен, Алматы облысы мәдениет басқармасының және білім басқармасының қолдауымен І Алматы облыстық «Жас актер» фестивалі өтті.
Фестиваль мақсаты: өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
Аталған іс-шара М.Мақатаевтың 90 жылдығына, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына , ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналды. М.Мақатаевтың «Алтай – Атырау» поэмасы, «Қыз жылаған – қара орамал» драмалық қойылымы, «Абай Қазақстанның болашағы», «Нұржауған ғұмыр» поэтикалық қойылымдары көрермендердің назарына ұсынылды. Жетекшілері: ҚР халық әртісі Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Кендебай Темірбайұлы.