Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы
24
март
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауына «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы атынан пікір
Осы жолы президент бұрынғы дәстүрді өзгертіп, елдің негізгі бағыт-бағдарын Наурыз мейрамы алдында жариялауға шешім қабылдады. Мемлекет басшысы өз жалдауында «Біз өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз.Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз.Халыққа көпірме сөз ,бос уәде емес ,көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек деген сөздерімен бастады.Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік –экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтты. «Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім» -деді.Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек,алдағы уақытта Қапшағай қаласының атауы «Д.Қонаев» болып өзгертілетіні айтылды. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады»-деп атап өтті.Сондай-ақ,елімізде Конституциялық сот құру мәселесін де ұсынылды.Коституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажеттігіне және жылдың соңына дейін 20-дан астам заң қабылданатынына тоқталды. Елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік.Заман қаншалықты күрделі болса да ,біз бағытымыздан айнымаймыз,болашаққа үлкен сеніммен қадам басамыз - деп халыққа сенім білдірді.Тәлеуелсіздігімізді сақтап, ұлттық құндылықтар мен тарихымызды нығайтып егемен еліміздің ертеңіне бірге қадам басайық!