"Сыңғырла, күміс қоңырау!" » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2022

"Сыңғырла, күміс қоңырау!"

022 жылғы 22 мамыр күні Балалар жылына орайластырылған мектеп бітіру кештерін өткізу туралы «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 20 мамыр №157 бн/қ бұйрығының негізінде 2022 жылдың 25 мамыр күні соңғы қоңырау «ТҮЛЕК 2022 – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ертеңі» тақырыбында өтті.
Салтанатты жиынымыздың қонақтары «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Алимов Әділ Исаханович пен Алматы облысы Талдықорған қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бугалтериясының есепшісі Мухамедова Мейрамгуль Кажыбековна құттықтау сөз сөйледі.
Жалпы жиынға мектептің барлық 1714 оқушысы қатысты. Соның ішінде 1- сыныптан 186 оқушы, 4- сыныптан 173 оқушы, 9- сыныптан 158 оқушы және мектеп бітіруші түлектер 11-сыныптан 64 оқушы қатысты.
Мектептің миссиясы: Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие болатын белсенді ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу. Осы миссияны орындау мақсатында биыл мектебімізде биыл мектебімізде 132 мұғалім оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берсе, білім нәрімен сусындап жүрген 1714 оқушы 2021-2022 оқу жылында 65% білім сапасын көрсетті. 157 оқушы оқу үздігі, 835 оқушы оқу екпіндісі деңгейін көрсетті. Білім құндылықтары оқушылардың өміріндегі маңызды нұсқа десек, біздің түлектер өздерінің нағыз патриотизмін, әлеуметтік белсенділігін, бәсекеге қабілетті екендігін, Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болып қалыптасқандықтарын дәлелдеп шықты. Осы ретте мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысына жоғары баға береміз. Биыл 4 сыныпты 173 оқушы бітірді. Мектеп бітіруші түлектер саны 64, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып отырғаны 45 оқушы. «Алтын белгі» үміткерлері : Байболатова Амина, Лисаченко Кристина. 9 сыныпты 157 окушы аяқтады. Үздік аттестат үміткерлері : 9 «Ә» сынып оқушысы Мұратхан Аяжан; 9 «В» сыныптан Ақмұрзаева Амелина, 9 «Г» сыныптан Балғабек Карина, Раисова Мелисса. Оқушыларымызға қорытынды аттестаттауда білімдерін дәлелдеп шығуына шын жүректен тілектестік білдірдік. 
2021-2022 оқу жылындағы оқушыларымыздың жетістіктері:
 Облыстық «Дарын» байқауы физика пәнінен Грибанов Никита, Рубан Богдан 1 орын, информатика пәнінен Овчинников Александр 2 орын.
Облыстық «Пезиденттік олимпиада»  математика пәнінен Ниязова Ақкөркем 2 орын.
Облыстық «Алтын сақа» олимпиадасы математика пәнінен Майхан Мақсат 2 орын.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде құқықтану пәнінен Тарасенко Кира 3 орын, биология пәнінен Тюленева Анастасия 3 орын.
Облыстық «Үздік IT құрастырушы» байқауынан Овчинников Александр 2 орын, Махмудов Платон 3 орын.
Қалалық «Зерде» байқауында информатика пәнінен Мұрат Али, Жаксылыков Расул 3 орын; биология пәнінен Берікханов Али 3 орын.
5-6 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 10 жүлделі орын, 9-11 сынып оқушылары арасында 14 жүлделі орынға ие болды.
Қалалық «Алтын түлек» олимпиадасы Ойратқызы Нұрай, Қуантаева Аяулым 2 орын.
Қалалық «Мұқағали оқулары» Тлеужанова Шынайы 3 орын, «Ілияс оқулары» Еркинова Дильназ 3 орын, «Абай» оқулары Қасен Ақерке 2 орын.
 «Кенгуру – математика  барлығы үшін» 1-11 сынып оқушылары арасында халықаралық ойын конкурсында мектеп бойынша 36 жүлделі орын.
Әр сыныпқа ата-аналар комитеті мүшелері мен Қамқоршылық кеңесі мүшелері және мектеп әкімшілігі қонақ ретінде шақырылды. Салтанатты жиыннан кейін өткізілген сынып сағаттарында оқушыларға  презентациялар көрсетіліп, 2022 жылғы 26 мамыр-17 маусым аралығында өтетін «Жазғы мектеп» іс-шара жоспары таныстырылды, жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары ескертілді.
Сынып жетекшілері оқу жылына қорытынды жасап, үздік аяқтаған және шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытқан, спорттық ойын жеңімпаздарын марапатталды.
Сынып сағатына қатысқан қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға алдағы уақытта сәттілік тіледі.
      Сонымен қатар оқушылар жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен  таныстырылды. Жазғы мектеп жұмысы мен өткізілетін іс-шаралар жоспары да қарастырылды.