«Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы
08
февраль
2023

«Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы

Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6ә сынып оқушылары, сынып жетекшісі Г.Ж.Ордагуловамен «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жоспары бойынша «Мейірімділік пен құрмет» тақырыбында «Парасат патшайымы» атты ардақты жан Сақауова Бәтима Есболатқызын еске алу іс-шарасына қатысты.
Бәтима Есболатқызы Талдықорған қалалық атқару комитетінің төраға орынбасары, Ақсу аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Гвардия аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін абыройлы атқарды.
Бәтима Сақауова Алматы облысының, Талдықорған қаласының, Ақсу, Кербұлақ аудандарының «Құрметті азаматы», үш мәрте «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» және 7 мерекелік медальдармен марапатталған, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құрметті профессоры.
Жетісудың «Парасат патшайымы» атанған ардақты жанды еске алу шарасын Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұйымдастырды. «Халқымыздың қалаулы қызы» атты көрме бұрышы жасалды. Еске алу кешіне Бәтима Есболатқызының көзін көріп, батасын алған іні, сіңлілері және келіні, №2 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гаухар Ордағұлова болды.Мағыналы ғұмыр иесінің ерен ерлігін, жүріп өткен сара жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен шарадан оқушыларымыз мол тағылым алып, қоғам белсенділерімен естелікке суретке түсті.