Білім күні » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2023

Білім күні

Жетісу облысы білім басқармасының білім күнін  өткізу туралы хаты, Талдықорған қаласы білім бөлімінің хаты негізінде білім күнін өткізу  01.09.2023 жылы сағат 9.00-9.45 дейін 1,4,9,11 сыныптарына өткізілді. Білім күні салтанатын ұйымдастыруға мектепішілк бұйрық шығарылып мерекелік іс-шара жоспары бекітілді. Салтанатты іс-шара «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында өтті. 
Іс-шараға Жетісу облысы білім басқармасының әдістемелік бөлімінің әдіскері Далабаева Гүлназ Бақытжановна, Талдықорған қаласының полиция басқармасының жедел криминалистикалық бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Абылайханов Ерлан Ермекұлы, әдеп және тәрбие жөніндегі ментор Дәрібай Ғалымжан Серікжанұлы қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Турлыбаева Алия Бердіқожаевна түлектерді ата-аналарды, мектептің мұғалімдерін, оқушыларын 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтап сөз сөйлеп, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің жетістіктерін таныстырып өтті.