Мектептегі қауіпсіздік ережелері » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі қауіпсіздік ережелері
06
июнь
2024

Мектептегі қауіпсіздік ережелері


"Қауіпсіздік ережелері"
Денсаулық және қауіпсіздік

Мектептегі қауіпсіздік ережелері

Мектепте оқудың негізгі кері салдары Мектепте оқудың негізгі кері салдарына мыналар жатады: оқушылардың денсаулығы мен функционалды жағдайының нашарлауы; мектепте болған уақытта, сондай-ақ жолда, үйден шыққанда және кері қайтқанда жарақаттану; жүйкенің жұқаруы, психикалық бұзылулар, шамадан тыс ақыл-ой жүктемелері; зиянды өмір салтының және қоғамға жат қылықтардың қалыптасуы. Оқушылардың физикалық, психикалық және рухани денсаулығындағы ауытқушылықтармен немесе бұзылулармен қатар мектепке барғанда олар әртүрлі ТЖ-дың ықпалына тап болуы мүмкін: стихиялық апаттар: жер сілкінуі, дауыл, экстремалдық температура, сел; жұқпалы аурулар эпидемиялары, әсіресе карантиндік және аса қауіпті жұқпалар; техногенді ТЖ: өрт, жарылыс, қирау, химиялық улану, радиоактивтік ластану және т. б.; әлеуметтік ТЖ: қылмыс, терроризм, адамдарды кепілдікке алу, тұлғааралық жанжалдар, қару қолданылатын ұлтаралық жанжалдар. Оқушылар жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, сырқаттанудың алдын алу үшін, денсаулықтарын сақтау және нығайту үшін жалпы беретін ұйымның жарғысын, қауіпсіздік техникаларының талаптарын, өрт қауіпсіздігін, жүріс-тұрыс ережелерін, жеке және оқу гигиенасын қатаң сақтауы; қарапайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс. Оқушының өмір сүру қауіпсіздігі Әр оқушы мектепке барғанда өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білуге тиіс: мектеп шекарасында, мектеп ғимаратында жүргенде, әртүрлі сабақтарда және іс-шараларда, үйден мектепке баратын және кері қайтатын кезде оның денсаулығына және өміріне қауіп төндіруі мүмкін зиянды факторлар мен әлеуетті қауіп-қатерлерді; қайда, қашан және қандай себепке байланысты мектепте ТЖ туындауы мүмкін, әр ТЖ-дың даму сценарийі және ықтимал салдарының ауқымы қандай; әртүрлі ТЖ-да аман қалу қағидаларын; ғимараттардан және құрылыстардан эвакуациялау қағидаларын; алғашқы медициналық жәрдем көрсету қағидаларын; ТЖ-дың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды. Бұл ретте әр оқушы: ТЖ-дың, өздері, сондай-ақ қоршаған адамдар жасаған қылықтардың және іс-қимылдарын салдарын болжауды; ТЖ-дың алдын алу шараларын жүзеге асыруды, олардың туындауына дайын болуы; әртүрлі ТЖ-дан аман қалуды; ТЖ-да өзінің ерік күшін бақылауды, үрейлі көңіл күйге берілмеуді; түйсікті ғана емес, парасатты ойды басшылыққа алуды; өзіндік және өзара көмек түрінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді білуі тиіс. Мектепке баратын және мектептен қайтатын жол Мектеп пен оқушы үйінің арасындағы арақашықтық ұзақ болған сайын, оның жолға көп уақыт жұмсауына, көшелерді және қиылыстарды жиі қиып өтуіне, бейтаныс адамдардың арасында көбірек болуына, қатты шаршауына тура келеді. Оқу орнына баратын және мектептен қайтатын жол ұзақ болған сайын оқушыларды көп қауіптер күтуі мүмкін. Олар үшін көшелердің және жолдардың жүргіншілер бөлігі барынша қауіп төндіреді. Мұнда ЖКА туындауы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жолда зардап шеккен балалардың 60 % – бұл жалпы білім беретін мекемелердің 7 жастан 13 жасқа дейінгі оқушылары. ЖКА көбіне оқушылардың мектепке баратын жолында немесе сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезінде орын алады.

Жалпы ережелер

2.1. Білім беру ұйымдарында оқыту, тәрбиелеу, еңбек және демалыстың қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету жауапкершілігі олардың басшыларына жүктеледі.

2.2. Білім беру ұйымдарында ұзартылған күн топтары (секциялар) мен сабақтан тыс қызмет жұмыстары ескеріле отырып,ішкі тәртіп қағидасына қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тарау енгізілуі тиіс.

2.3.Білім беру ұйымдарында барлық мұғалімдерге, қызметкерлер мен оқытушыларға көрінетін жерде бұйрық түрінде рәсімделген, жазатайым оқиға туындаған немесе оқушы не тәрбиеленуші жарақат алған кездегі білім беру ұйымы қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, жедел медициналық жәрдем, фельдшерлік-амбулаториялық пункт, қалалық (аудандық) ТЖ бөлімдері, ұйым басшылары (директор, оқу ісі меңгерушісі), ұйымның медицина қызметкері, күзет қызметінің байланыс телефондары көрсетілген білім беру мекемесі басшысымен бекітілген ақпарат орналастырылуы қажет.

2.4. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі, тәрбиешілері мен мұғалімдері балалардың жүріс-тұрысын назарда ұстап, олардың асханадағы, медициналық кабинеттегі, сабақтар мен спорт залындағы және т.б. қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2.5. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі, мұғалімдері, қызметкерлері мен оқушылары ұқыпсыздық, алаңғасарлықпен тәртіпсіздік салдарынан қауіпті (шұғыл) жағдайлардың туындауына мүмкіндік туғызатын барлық факторлар мен құбылыстарға көңіл бөлу деңгейін арттырулары қажет.

2.6. Осыған байланысты мектепке бөгде заттар (қораптар, қаптар, банкілер, ыдыстар, өткір, жеңіл тұтанатын және жарылыс қауіпті заттар және т.б.) әкелуге тыйым салынады.

2.7. Білім беру ұйымдарында іс-шараларды жүргізу жоспарлары білім беру мекемесінің басшысымен бекітілуі және Аудандық ішкі істер бөлімімен келісілуі тиіс.

2.8. Бөгде тұлғалардың мектеп аумағы мен ғимаратына кіруін болдырмау, сонымен қатар рұқсатсыз енуінің алдын алу мақсатында мынадай өткізу тәртібі бекітілсін:

- бөгде тұлғалардың, оның ішінде оқушылар мен қызметкерлердің туыстарының, таныстарының жеке басын растайтын құжаттарынсыз кіруіне тыйым салынады;

- білім беру мекемесі әкімшілігінің келісімінсіз тұлғалардың мектепке жіберілуіне тыйым салынады.

2.9. Білім беру ғимаратында бөгде тұлғаларды қабылдау қағидасы:

- бөгде тұлғаларды өткізу қабылдау күндері келушілерді қабылдау кітабына тиісті жазба енгізе отырып жүргізілсін;

- жоспарлы мәдени-көпшілік шараларды, спорттық секциялар жұмыстары мен ықтимал авариялық жағдайларды қоспағанда,демалыс және мереке күндері ғимаратқа кіруге тыйым салынсын;

2.10. Сабақ уақытында және қосымша білім беру уақытында (үйірмелер, секциялар және т.б.) орта және жоғарғы сынып оқушыларының мектеп ғимаратынан тысқары шығуы сынып жетекшісінің жазбаша рұқсатымен ерекше жағдайларда жүргізілсін (аталмыш рұқсат күзет постында ай бойы сақталуы тиіс).

2.12.Бастауыш мектеп оқушыларын сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналары мұғалімнің шақыруымен алып кетеді. Ата-аналар білім беру мекемесі ғимаратына басшы бекіткен ішкі тәртіпке сәйкес жіберілуі мүмкін.

2.13. Автокөліктің мектеп аумағына рұқсатсыз кіруіне тыйым салынады. Мектеп асханасына азық-түліктер жеткізген, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды шығарған кезде, авариялық жағдайларда көліктің кіруі оны тиісті тексеруден өткізу арқылы және автокөлікті есепке алу журналына жазба енгізе отырып рұқсат етіледі.

2.14. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балаларына мұғалімге ескертпей ғимараттан шығуға тыйым салынады. Бала өз бетінше кетіп, оқиғаға ұшыраған, ауырып қалған жағдайда жедел түрде әкімшілікке, құқық қорғау органдарына, ата-аналарына хабарлау керек. Мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларын бөгде адамдарға ата-аналарының жазбаша рұқсатынсыз беруге тыйым салынады.

2.15.Білім беру ұйымының әрбір жұмысшысы, мұғалімі, оқушысы мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтаған жағдайда тез арада білім беру мекемесінің басшысына, кезекші әкімгерге немесе кезекші мұғалімге хабарлауға міндетті.

2.16. Білім беру ұйымдарында шұғыл және басқа да оқиғалар туындаған жағдайда мұғалімдер, оқушылар, тәрбиеленушілер мен жұмысшылар оқушы не тәрбиеленуші жарақат алған кездегі білім беру ұйымы қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмін қолдануы қажет (1 қосымша).

3. Білім беру мекемелерінің басшыларына:

білім беру мекемесінің ерекшеліктерін ескере отырып, жыл сайын «Білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде ғимарат пен мекеменің ұйымы аумағында күзетті, рұқсаттама және мектепішілік жұмыс режимін ұйымдастыру жөнінде» бұйрық шығару.
білім беру мекемесінде міндетіне өрт орын алған жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану (өрт сөндіргіш), адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын өрт сөндірушілер жасағын құру;
мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың орындалуын және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын жеке бақылауға алу;
оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды (кезекші әкімгер (директордың орынбасарлары), мұғалімдер және кезекші сыныптардың сынып жетекшілері) белгілеу:

- мектепке 30-40минут бұрын келу, басқа мұғалімдер (тәрбиешілер) сынып кабинеттерін(ғимаратты) және олардың сабақ жүргізуге дайындығын тексеру, оқушыларды ұйымдасқан түрде қарсы алу мақсатында мектепке оқу процесінің (жұмыс) басталуынан 15-20 минут бұрын келу;

оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын үйлестіру, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасында шұғыл жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындықты, ұйымдасушылық мен қырағылықты күшейтуге бағытталған түсіндіру жұмысын тұрақты түрде жүргізу.
төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттерге білім беру мекемесінің қызметкерлерін, оқушылар мен тәрбиеленушілерді машықтандыруды оқытуды ұйымдастыру.
мектеп ғимараты мен бөлмелерінен эвакуациялаудың қабаттар бойынша жоспарын бекіту.
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметкерлер мен оқушылармен жұмыс жоспарын бекіту.
қысқа мерзімде жұмыс уақыты барысында оқушылар қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалардың өтінішіне сәйкес іс-шаралар қолдану қажет.

4. Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына:

оқу жылына бекітілген жоспарға сәйкес мәдени-көпшілік іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыруды жоспарлау. Іс-шаралар жоспарын аталмыш іс-шараға дайындық актісін рәсімдей отырып өткізілу уақытынан бір апта бұрын құқық қорғау органдарымен келісу.
қауіпсіздікті қамтамасыз ету,білім беру ұйымдарындажәне ұйымнан тыс жерлерде жарақаттанушылықтың алдын алу тақырыптарында сабақтар, сұхбаттарөткізе отырып, оқушыларға, мұғалімдерге құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен (аудандық ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар басқармасы (бөлімі), жол-патрульдік қызметі) кездесу ұйымдастыруды тәрбие жұмыстары жоспарына енгізу.
мектеп әкімшілігі мен оқушылармен бірге қырағылыққа машықтандыру бойынша тәжірибелік сабақтарды енгізу;
Жолда(темір жолда) жүру ережесін зерделеу және су қоймалары мен жол үстіндегі қауіпсіздік бойынша оқушылармен сабақтардың өткізілуін жоспарлау және бақылауға алу.
Жолда жүру ережелерін білу дағдыларын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды (байқаулар, викториналар, КТК) ұйымдастыру және өткізу, жолдағы жас инспекторлар (ЖЖИ) мен жас өрт сөндірушілер жасағының (ЖӨСЖ) жұмысын жандандыру.
«Алғашқы медициналық көмек», «Төтенше жағдай және айрықша жағдайлардағы оқушылардың іс-қимылдары» тақырыптары бойынша курстарды зерделеу барысында сынып жетекшілерінің оқушылармен сұхбат өткізуін ұйымдастыру.
дәріс пен қосымша білім беру мәселелерін шешу барысында оқушылардың бойында патриоттық және азаматтық сезімдерді, өз әрекетіне жауаптылықты тәрбиелеуге, экстремистік ұйымдардың кез келген әрекетіне қарсы тұру қабілеттілігін қалыптастыруға ерекше көңіл аудару қажет.

5. Басшының әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасарына:

күзет-өрт сөндіру дабылдары, электр сымдары мен санитарлық-техникалық құрылғыларға тұрақты бақылау жүргізу.
күн сайын мектеп ғимаратындағы электр жүйелерін, электр құрылғыларын және инженерліккоммуникациялардытексеріп отыру, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес барлық өрт сөндіру құралдарын тексеру және құжаттар мен өрт қауіпсіздігі жоспарыталаптары бойынша бөлмелерді олармен жасақтау.
өрт сөндіру құралдарын, аумақ, жертөле, ғимаратқа кіретін, қосалқы және эвакуациялау жолдарының жарығын жарамды, жұмысқа қабілетті күйде ұстау.
ай сайын ерікті өрт сөндіру жасақтарымен машықтандыру жүргізу.
мектеп іші мен іргелес аумақты толық тазалау барысында сабақ уақытында жабық болатын, қол жетпейтін жерлердің тазалығы мен бөгде заттардың болу фактісін тексеруге ерекше көңіл бөлу.
көрсетіленген объектілер мен мүліктердің бүтіндігі мен түгелдігіне күн сайын тексеріс жүргізуді қамтамасыз ету. Әр бөлмедеолардағы бар құралдар мен мүліктің тізімін ұстау, әр қабаттажақсы көрінетін жерде төтенше жағдай туындаған жағдайдажәне өрт кезінде адамдарды эвакуациялау жоспарын (сызбасын) орналастыру.
Рұқсаттамарежимінің жай-күйіне, құжаттардың болуы мен жүргізілу тәртібіне, күзеттің техникалық құралдарының жағдайы мен жарамдылығына, қосалқы шығу жолдарының күтіміне айына кемінде екі рет жоспарлы тексеріс жүргізу, бақылаудың нәтижесін рұқсаттама режимі мен күзеттің техникалық құралдарының жай-күйін тексеру журналына енгізу.
топтамалар жасау және мұғалімдерге өрт қауіпсіздігіне және басқа да ситуациялық нұсқаларға байланысты әр түрлі төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін, жаднамалар беру;
оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау бойынша практикалық машықтанулар жүргізу;
белгіленген еңбек және ішкі күн тәртібі қағидаларының, білім беру мекемелері бөлмелерін қауіпсіз күйде ұстау шарттарының сақталуын бақылау;
білім беру мекемесінің мүліктері мен құрал-жабдықтарын әдейі бұзу немесе бүлдіруге мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша шараларды ұйымдастыру және (немесе) қатысу;
білім беру мекемелерінің жалға берілетін бөлмелерін заңды және қауіпсіз пайдалануға, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге бақылауды қамтамасыз ету қажет.

6. Сынып жетекшілері (тәлімгерлері) мен барлық мұғалімдерге (оқытушыларға):

жеке оқушылардың тәртіпсіздіктерінің алдын алу, анықтау және жол бермеу. Бұл мәселелер бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, оқушылардың ата-аналарымен бірлесе әрекет ету қажет.

7. Кезекші мұғалімдерге (оқытушыларға):

үзіліс кезіндегі оқушылардың сыныпта, жалпы білім беру мектептерінің бөлмелері мен асханасында тәртіп сақтауын бақылау. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тыйым салынған заттарды сыныпта және дәліздегі терезе алды тақтайына әкелмеуін және тастамауын қадағалау.
оның кезекшілігі уақытында болған барлық жазатайым жағдайлар мен оқиғалар жөнінде мектеп директорына жазатайым оқиға туындаған немесе оқушы не тәрбиеленуші жарақат алған кездегі білім беру ұйымы қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритміне сәйкес жедел түрде баяндау (1 қосымша).
Оқу, оқудан тыс және мектептің мәдени жұмысы аяқталғаннан кейін кезекші күзетшімен түнгі мезгілде мектеп бөлмелерін тексеру, рұқсаттама режимін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және аумақ қоршауындағы кішкене қақпаларды жабу туралы нұсқама оқу жүргізген соң мектептен шығу қажет.

8. Мұғалімдер мен кабинетке (құрылыс) жауапты тұлғаларға:

бөлмелер мен онда орнатылған құрал-жабдықтардың қауіпсіз ұсталуы мен қолданылуына тұрақты бақылау жүргізу, мүліктер мен құжаттардың түгелдігін, белгіленген жұмыс тәртібінің сақталуын, пайдалану, өрт және электр қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын, уақытылы жинастырылуы мен күзетке тапсырылуын қамтамасыз ету.
шұғыл қажет болған жағдайда және жұмыс уақытының соңында электр құрылғыларының ажыратылуына жеке жауапты болу.
өртке қарсы шараларды алдын ала ұйымдастырусыз және білім беру ұйымы басшысының жазбаша рұқсатынсыз отпен және басқа да қауіпті уақытша жұмыстарды жүргізбеу.
бөлмелердің қауіптілігі мен өрт, электр, жарақаттандыру қаупі жоғары құрал-жабдықтардың орналасқан жері жөнінде ескертулерді стандарттық белгілермен көрсету. Бұл бөлмелерді берік, жақсы бекітілген есіктермен жабдықтау.
Оқу сыныптарында, кабинеттерде, зертханаларда тізімге енгізілмеген бөгде заттарды, жеке мүлікті, оқыту құралдары мен басқа да мүлікті сақтауға, бекітілген тізім мен бағдарламада қарастырылмаған тәжірибелер мен басқа да жұмыстарды жүргізуге тыйым салу.
бірінші қабаттағы бөлмелерде сабақ (іс-шаралар) өткізу уақытында қосалқы шығу есіктерін, құлып салынған екі жаққа кең ашылатын жарма торларды ашық ұстап, сабақ аяқталысымен қайта жабу.
барлық бөлмелерде жабдықтар мен мүліктердің тізімін жасау.
өздеріне бекітілмеген оқыту бөлмелерінде сабақ өткізуші мұғалімдер кілтті күзеттен алып, кілттерді беруді есепке алу журналына жазба енгізе отырып орнына тапсыру. Сабақ аяқталысымен оқыту бөлмесін жиыстыруды бақылау қажет.

9. Білім беру ұйымдарын қорғауды қамтамасыз ету

объектіні қорғау деп білім беру мекемесіне төнген қауіпті уақытында анықтауға және шабуыл жасауды болдырмауға, басқа да заңға қайшы, оның ішінде экстремистік сипаттағы озбырлықтарды, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындауын болдырмауға бағытталған кешенді шараларды айтады.
объектілерді қорғауды ведомстводан тыс және ведомстволық күзет бөлімшелері, жеке күзет кәсіпорындары (ЖКК), күзет қызметін жүргізуге лицензиясы бар жеке тұлғалар, штаттық күзетшілер мен кезекшілер қызметтік міндеттері мен объектіні күзету шартына сәйкес жүргізе алады.
рұқсаттама режимінің сақталуын тұрақты бақылау және қызметкерлер мен оқушылардың келіп-кетуін бақылауды қамтамасыз ететін күзетшілердің қызмет өткеруі үшін орнын анықтау қажет.

Похожие публикации:

30 январь 2023 Қыздар жиналысы
09 февраль 2023 Ұлдар жиналысы