24
сентябрь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігі
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі №2 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігінің 23.09.2024ж-04.10.2024жж. аралығында өтетін пән апталығының ашылу салтанаты директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Ерсеркенованың құттықтау сөзінен кейін оқушылардың және ұстаздардың ән шашуы, театрланған көрініс және әртүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылуымен жалғасты. « Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды» деп С.Негимов айтқандай ана тілімізді ұлықтай білейік!