«Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым- қатынас» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым- қатынас»
24
сентябрь
2024

«Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым- қатынас»

2024 жылдың 23 қыркүйек күні «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым- қатынас» тақырыбында
мектепішілік ата-аналар комитеті құрамын сайлауы жиналысы өтті. Ата- аналар жиналысының мақсаты: ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мектеп пен ата-аналар қарым қатынасын жақсарту.
Жиналыс барысында 1-11 сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдарымен:
мектеп формасына қойылатын талаптар туралы, ақша жинауға тиым салыну туралы бұйрықпен, қазіргі кездегі өршіп тұрған өзекті мәселе жасөспірімдердің арасындағы аутодеструктивтікті мінез құлық ерекшелігі және буллингтің алдын алу, мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы сонымен қатар тәрбие жоспары бойынша біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында қыркүйек айында өткізілген іс-шараларға ақпарат берілді.
«№2 орта мектеп» КММ ата-аналар комитетінің құрамына:
1.Н.С.Кабесова -төрайымы
2.Г.Б.Санжарова – комитет мүшесі
3. В.С.Кашевич – комите мүшесі
4.В.С.Забнина-комитет мүшесі болып келген ата-аналардың дауыс беруі бойынша сайланды. Ата -анала комитетінің жұмыс барысының мақсаты: балалардың мектеп өмірінде сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс–шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу, мектептің жұмысы барысына көмек көрсету. Барлығы 75 ата-аналар комитеті қатысты. Жауаптылар: ДТІЖО Т.Букейбаева, А.Кенжебекова, А.Нурахметова