" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » " Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
27
май
2024

" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді
және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде №
34217 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді
және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №
13317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық
платформасын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың
бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі.