07
сентябрь
2022
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
«№ 2 орта мектеп» отдела образования Шуского районанде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 7 қыркүйек күні 8, 9,10,11 сынып оқушыларымен Талдықорған КПБ УПП 3 учаскелік инспекторы Омарбаев Самат Алдабергенұлы,Талдықорған қаласы КПБ ЮПТ УИ полиция капитаны Закирбаев Алмас Маратұлы және полиция капитаны Мырзакулов Дастан Маликжанұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Букейбаеваның қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жасөспірімдердің арасында кездесетін құқық бұзушылықтың түрлері, қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері, арнайы қызметкерлерді жалған шақырған жағдайда қандай шара қолданылатыны, кәмелетке толмаған «қиын» балалардың мінез-құлқының ерекшеліктері туралы баяндалып, оқушыларға толыққанды мәлімет берілді. Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.