Қалалық семинар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" отдела образования Шуского района
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 32-96-00
Бухгалтерия
+7(7282) 41-06-70
Версия для
слабовидящих
14
октябрь
2022

Қалалық семинар

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№2 орта мектеп» КММ қабырғасында қазанның 14 күні  қала  мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімдерінің қатысуымен ұйымдастырылған «PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты қалалық семинар өтті. Семинар мақсаты:Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушылардың функционалдық дағдыларын дамыту, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған   әдістерді тиімді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс жүргізе білу қабілеттерін арттыру;  теория мен практиканы ұштастыра отырып, PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясының әдістерін ұсыну; іс-тәжірибемен бөлісу. Семинарды ұйымдастырушылар: М.Қ.Садуакасова –қалалық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері. Разбаева Римма Ешенхановна директордың  әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ  тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімдері. Жетекші –модератор қалалық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Умиртаева К.Т . Семинар мектеп психологы А.Қасқарбаева жүргізген тренингпен басталды. Мектеп тренерлері С.Н.Махамбетова , А.С.Абдрахманова «Читательская грамотность как планируемый результат обучения» және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.А.Қабидолданова «PISA тапсырмаларын қазақ тілі сабағында қолдана отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» шебер сыныбы әріптестерінің  қызу  қолдауына ие болды. Пән мұғалімдері  Абишева С.А 11сынып  «PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда дискретті, құрамдас  мәтіндермен жұмыс жасаудың ерекшелігі», 9 сынып «Гордый человек и вольные цыганы» зерттеу сабағы Вахитова С.М, 9 сынып «Біржан- Сара» айтысының  көркемдік, тілдік ерекшеліктері»  Турысбекова  А.Қ, 4 сынып «О.Уайльд «Мальчик-звезда» Эгоизм или сострадание» тақырыптарындағы    ашық сабақтар өткізді.Преподаватели қолданған  белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға  бағытталған  сабақ  процесiн  ұйымдастыра алуы, сабағын  белсендi, оқушымен  тең  құқылы  дәрежеде жүргiзуі, шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға  ретiнде дамуына ықпал жасауға еңбек етіп жүргендіктеріне дәлел болды.Семинарды мектеп тренерлері Мухаметшарова Р.Қ мен    Ордагулова Г.Ж  қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырып қорытындылады.Семинар нәтижесінде қатысушылар тиімді кері байланыс түрлерін  меңгеріп, өз іс-тәжірибелеріне  өзгеріс енгізіп , қолдану  мүмкіншілігіне ие болды.