Ел есінде қалған бес арысымыз – қазақ әдебиетінің қайнар көзі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ел есінде қалған бес арысымыз – қазақ әдебиетінің қайнар көзі
09
март
2022

Ел есінде қалған бес арысымыз – қазақ әдебиетінің қайнар көзі

"Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 04 наурыз күні 7-9 сынып оқушылары арасында «Ел есінде қалған бес арысымыз – қазақ әдебиетінің қайнар көзі» тақырыбында тарихи-ғылыми маңызды іс-шара өтті. Қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтары, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетіліп, мәлімет берілді. Қазақ халқының бес арысы, ұлы тұлғаларымыз - Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов жайлы 9- сынып оқушылары Нұрланбек Ақерке, Еркинова Дильназ, Аскеркелді Айгерім, Сматова Дильназ, Дастанбек Шолпан өз шығармашылық зерттеу жұмыстарын баяндап, терең тарихи деректермен таныстырды. 7-8 сынып оқушылары Қазақ зиялыларының өлеңдерін оқып, киелі қара домбырамен күй арнады. Қазақ әдебиетінің қайнар көзі, сарқылмас таза бұлағы - бес арысымыздың тәрбиелік мәні зор шығармаларымен сусындап өскен ұрпақ өз Отанын, халқын сүйетін, ұлт жанашыры болып өсері сөзсіз.