Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау
24
март
2022

Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында наурыздың 15 күні орта мектеп оқушыларының арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында қалалық "Қазақ поэзиясының құлагері" атанған Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңінің байқауы өткізілді. Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Дәнеш Рақышевтің шәкірті Абылайхан Хармысовтың орындауында І.Жансүгіровтің «Домбыра» шығармасымен шымылдығы ашылған сайысқа қаламыздың мектептерінен 41 оқушы қатысты.
Байқау 3 номинациядан тұрды:
1 – номинация «Ілияс- эпик ақын» тақырыбында ақын поэмаларын жатқа оқу байқауы. Қатысушылар І.Жансүгіровтің поэмаларынан өзі таңдаған поэманы жатқа оқыды.
2 – номинация бойынша оқушылар Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің ішінен өз таңдаған бір өлеңін және жалпы жаттаған өлеңдерін, прозалық немесе драмалық шығармаларын (ұсынылған тізімнен қазылар алқасының сұрауымен) жатқа, мәнерлеп оқиды және үзінді орындайды.
Ал 3- номинацияда өзі жазған өлеңдерді топтап қазылар алқасының талабы бойынша өз шығармашылығымен таныстырып, жатқа оқыды.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар марапатталды.


Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау