Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы
11
апрель
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған
қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты қалалық ақпараттық топ мүшелерімен кездесу

Бүгін 08.04.2022 жылы қалалық ақпараттандыру тобының жоспарына сәйкес, "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыз күнгі Жолдауы негізінде мектеп мұғалімдерімен талқыланды. Талқыланған мәселе партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және «Nur Otan» партиясын модернизациялау мәселелері болды. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді.Партия атауы «Аманат» деп ауыстырып, партия жұмысының жаңа бастамаларға толы жоспары анықталғандығы айтылды. "Мен партиямызды ресми тұрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын. Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік. Барлығымыз Жаңа Қазақстандық құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл - ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді", - деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері тілге тиек етілді. «Аманатқа қиянат жасамау» туралы халқымыз ежелден айтылып келеді.Біздер үшін бұл қастерлі ұғым. Ендеше , Жаңа Қазақстан құруда ата-бабамыздың аманат еткен жеріне адал қызмет етіп, тәуелсіз еліміздің шаңырағын бірге көркейтейік!-деген ұстанымды ақпараттық топтың мүшелері мен ұжым мұғалімдері қолдайтындықтарын білдірді.
Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы