«Ата баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата баба дәстүрі – ұрпаққа аманат»
25
апрель
2022

«Ата баба дәстүрі – ұрпаққа аманат»

22.04.2022ж. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ата баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» аясында «Мамандығым - мақтанышым» атты әдеби-танымдық мәдени іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейте отырып, өмір, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өзін-өзі танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Іс-шараға Қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы, Қалалық Ардагерлер кеңесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі – Каримова Гүлнар Ақайқызы, Қалалық ішкі саясат бөлім басшысы - Рымтаев Әділет Рымтайұлы қатысып, оқушылардың өнерін көріп тамашалады.
Келген қонақтар Иманбеков Асхат Мұқатайұлы Подполковник, 48386 Әскери бөлім лейтенанты Адасқан Азамат Әділханұлы, 48386 Әскери бөлім сержанты Қадірсейіт Бақытжан Алпысбайұлы, Гигиена және эпидемиология дәрігері Жокеева Әсия Оңалбекқызы, ұлағатты ұстаз Қасқарауова Гүлбаршын Ерғалиқызына мамандық тақырыбында бітіруші түлектер көкейтесті сұрақтарын қойды. Оқушылар мамандық тақырыбында мәнерлеп жатқа өлеңдер оқып, «Кім болам?» тақырыбында сахналық қойылым қойып, Отан, сүйікті мамандық, туған өлке тақырыбында ән шырқады.
Іс-шара соңында қалалық Ардагерлер кеңесі жас жеткіншек ұрпаққа алғысын білдіріп, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында бірнеше әдеби кітаптар сыйға тартты.
Бүгінгі өткен іс-шараның болашағымыз жастар үшін мән-маңызы зор: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыруға септігі мен көмегін тигізері сөзсіз.