31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиыны » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиыны
31
май
2022

31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиыны

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиыны өтті. 
Президент  Жарлығымен 1997 жылдан бастап «31 мамыр  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген .
1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген- деп жырлағандай, қазақтың басынан өтпеген зұламат кемде-кем. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті. Қазір осы күнді аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ.
Қуғын-сүргін көргендердің тағдыры қайғылы... Ол халық тарихының қайғысы ғана емес, сабақ алатын тағылымы. Ол бір адамның ғана тағдыры емес, бір тұтас халықтың тағдыры, беделі, ары. Олар елі үшін тер төгіп, еңбек етіп, шыбын жандарын қиды. «Халық жауы» деп сөккендері осылар еді. Сол жылғы саяси репрессия құрбандары Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов сынды  дүлділдер жазықсыз жан тапсырды.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жиынына Талдықорған қалалық маслихат хатшысы Ахажан Темірболат Жанболатұлы,Талдықорған қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Қожабеков Муратбек және Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалы бастығының орынбасары Егембаев Ермек Молдақұлұлы қатысты.
Жиынға келген қонақтарымызға сөз беріліп, оқушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнаған өлең жолдарын оқып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы азаматтарымызды еске алып  гүл шоқтарын қойды.
Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы. Атылса да, қамалса да, күдікпен емес, келешекке үмітпен қараған, халыққа деген адалдықтың рухы биік, адамдық үлгісін көрсеткен тұлғалар. Олар – қуғын-сүргін құрбандары! Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар адамдықтың биігі, адалдықтың тұғыры, халқымыздың мақтанышы ретінде мәңгілікке есте сақталады.