Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай
25
апрель
2022

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «№2 орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары  Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, 18-ші сәуір күні  Қабанбай батыр мен Абай көшесінің қиылысында  1931-1933 жылдары аштық нәубетіне ұшырағандарға қойылған ескерткіш  жанында жиын өткізді. 
Жиынның мақсаты:   Оқушыларға киелі орындар мен тарихи маңызы бар ескерткіштер туралы мәлімет бере отырып, «Тарихымыздың қасіретті беттері ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда оны ұмытпау – біздің қасиетті борышымыз» екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру.
Жиынға қатысқан қонақтар:

✅️Алматы облыстық тарихи-мұраны қорғау орталығының инспекторы Ахбанбекова Гаухар Аханқызы.,

✅️ «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы», «Парасат орденінің иегері», ардагер  атамыз  Кендебай Темірбайұлы.

Жиынды ұйымдастырушылар: директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.А.Алтынбекова,  тарих пәні мұғалімдері Г.Мажиратхан, Г.Р.Иманалинова, А.Б.Адилханова.