«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»
02
февраль
2023

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
• Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру;
• Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.
• «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында сынып жетекші – Г.Р.Иманалинова жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін айтып, сөз қозғады.