«Конституция – келешек кепілі» тақырыбында өткен кездесу » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Конституция – келешек кепілі» тақырыбында өткен кездесу
20
сентябрь
2024

«Конституция – келешек кепілі» тақырыбында өткен кездесу

2024 жылдың 28 тамыз күні «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай еліміздің Ата Заңы жөнінде оқушылардың түсініктерін кеңейту мақсатында «Конституция – келешек кепілі» атты тақырыпта 11-сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге Аманат партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыру бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі Сулейменова Бибигуль Кадыровна қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, кездесудің мақсатына сәйкес Ата заң жайлы бірқатар мәліметтер айтып, оның маңыздылығы мен құндылығына тоқталып өтті.
Мақсаты:
1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру;
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту;
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Жауаптылар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Букейбаева Т.М., тарих пәнінің мұғалімдері Мажиратхан Г., Иманалинова Г.Р.