РЕФЕРЕНДУМ » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2022

РЕФЕРЕНДУМ

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамырдың 5 күні жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталған жаңа игі бастамаларға қолдау білдіреді. Ұлт мүддесі жолындағы еліміздің Конституциясына өзгерістер енетіндігі халықты елең еткізіп отыр. Бұл өзгерістер қатарында ықпалды парламент немесе есеп бере алатын үкіметі бар республикаға айналу тапсырмасы бар екендігі айтылды. Сондай-ақ билік саяси лауазымды және квазимемлекеттік секторда басшылық етуге жақын туыстардың тартылуына жол бермейтіндігі нақты айтылды. Маслихаттардың ықпалының артатындығы, аудандық және қалалық мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі, өңірлердің тыныс-тіршілігіне белсенді азаматтардың күшін жұмылдыру арқылы өркендету ісі көңіл қуантарлық іс болып табылады. Президент өз сөзінде Әділетті Қазақстанды құру жолында қоғам мен биліктің арасындағы үйлесімді диалогты орнатуға, Конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға, өмір салтын өзгерту жолында жаңа ұстанымдарға үлесімізді қосуға шақырады. Мемлекетіміздің ертеңі еліміздің еңсесін бүгінгі күні көтеріп, жаңа бағыттарды ауызбіршілікпен жұмыла орындағанда ғана болатындығын осы Үндеуден бағамдадық. Жаңа Қазақстанның үміті ақталып, сәтті қадамдар жасалатындығына №2 орта мектептің ұжымы кәміл сенеді!