22
май
2022
Референдум
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дөп басқан маңызды мәлімдеме болды.
Бұл – ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Барлық өзгеріс пен толықтырудың елдің талап-тілегі арқылы жүзеге асатынын жет¬кізген Мемлекет басшысы 5 маусымда республикалық референдум өткізуді дұрыс деп тапты.
Бұл – барлық реформаның елдің пікірі арқылы ғана қолданысқа енетінін білдіреді. Сондай-ақ бұл бастамалар Президенттің өкілеттілікерін күшейтуге емес, ықпалды Парламент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкіметті қалыптастырудың алғышарты екені айдан анық. Қалай десек те алдағы өзгерістер ел тарихындағы аса жауапты, маңызды кезең болары анық. Сөз жүзіндегі емес, халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақытта қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу арқылы жаңа белеске қадам басатын Жаңа Қазақстанның болашағы үшін әрбіріміз референдумға қатысып, өз таңдауымызды білдірейік. Бұл – біздің азаматтық, осы елдің ер¬теңіне алаңдайтын перзенті ретіндегі борышымыз.